Youtube әлеуметтік желісін қолданушылар Головкин мен Канело жекпе-жегіндегі Канелоның Головкиннен "қорыққан" сәтін жариялады, - деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіні қолданушылар видеоны «Канелоның Головкиннен қорыққан сәті, көздер алдамайды» деп атаған. Видеода Альварестің өте ауыр соққы жасағаны, ал Головкиннің бірнеше секунд теңселіп, қайта соққы жасағанын байқауға болады. Жанкүйерлер бұндай ауыр соққыдан кейін Головкиннің қалай аман қалғанын түсінбей, таңқалуда.