2017 жылдың 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Қаптағай» оқу орталығында (Астана қ.) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының арнайы мақсаттағы «Бүркіт» бөлінісі әскери қызметшілерінің күрең берет кию мәртебесі және «Бүркіт» кеуде белгісін тағуға қол жеткізу үшін қорытынды квалификациялық сынақ тапсыру шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Квалификациялық сынақтар жыл сайын ҚР әр түрлі климаттық жағдайында өтеді және екі кезеннен тұрады.
Қорытынды сынақта күрең беретке үміткерлер барлығы 19 нормативті орындау арқылы, тиісті бар қару-жарағымен 75 шақырымдық қашықтықты жүгіріп шығады, оның ішінде сулы өткелді малтып өту, тәжірибелік атыс және белгіленген уақыт ішінде үш қарсыласпен ұрысқа түсу т.б.
Биыл еліміздің барлық өңірінен келген күрең берет киюге үміткер 103 әскери қызметші квалификациялық сынақ тапсыруға ынта танытты.
Квалификациялық сынақты сапалы өткізу мақсатында және күрең беретке үміткерлердің нормативтерді орындауын бақылау үшін оның барлық кезенінде «Күрең берет» Орталық кеңесінің мүшелігінде тұрған 37 нұсқаушы және аға нұсқаушылар тартылды.
Квалификациялық сынақтың ақтық кезені және сынақтан өткен жауынгерлерге «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөліністің символын салтанатты тапсыруы 24 қыркүйекте сағат 10.00 - 13.00 аралығында өтеді. Шараға ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Ішкі істер министрі, еліміздің күш құрылымы арнайы бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері шақырылған.
ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі