Львов облысының соты Грузияның бұрынғы президенті, әрі экс-губернатор Михаил Саакашвилиді Украина шекарасын заңсыз кесіп өткнені үшін кінәлі деп таныды. Бұл туралы Интерфакс-Украина хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Агенттіктің мәліметінше, сот Саакашвилигк 3400 гривна (130 доллар) көлемінде айыппұл салды. Бірақ саясаткердің өзі сот отырысына қатыспаған. Дәл сол уақытта Черкас облысында кездесуде болған.
Бұдан бұрын Украина бас прокуроры Юрий Луценко Саакашвилидің Укриана шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін міндетті түрде айыппұл төлейтінін мәлімдеген.
10 қыркүйекте Грузияның бұрынғы президенті және Одесса облысының экс-губернаторы Михаил Саакашвили жақтастарымен бірге Украина шекарасына басып кірген. Оқиға орнында Ұлттық полицияның 11 жауынгері мен Мемлекеттік шекара қызметінің 5 қызметкері зардап шеккен.
Укрина Бас прокуроры Юрий Луценко украиналық шекара қызметкерлеріне зардабын тигізгендерге қылмыстық іс қозғалып, 7 жылға бас бостандығынан айырылатынын мәлімдеген.
26 шілдеде ел президенті Петр Порошенко Саакашвилиді Украина азаматтығынан шығарып тастаған болатын. Ал ешқандай елдің азаматтығын алмаған экс-губернатордың сол уақытта АҚШ пен Польша арасында емін-еркін жүрген. Саакашвили Украинаға қайтып оралғаннан кейін, Порошенкоға қарсы күресін жалғастыратынын және елде билік үшін күресті революциялық жолмен емес, заң аясында жүргізетінін мәлімдеген.