Азиада-2017: Қазақстандықтардың қоржынында 46 жүлде бар

/uploads/thumbnail/20170923135906836_small.jpg

Қазақстандық атлеттер жұма күні Азия ойындарында 5 алтынға ие болып, 5 орында тұр, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

22 қыркүйек күні алтын алғандар: Перизат Жақыпбекова (белдікпен күрес), Әділ Қасқабай (жүзу), Әсем Садықова (ауыр атлетика), Павел Воржев пен Қазақстанның ерлер командасы (велотрек).

Бұдан бөлек сол күні қазақстандықтар Азиаданың қола жүлдегері атанды: Алихан Қаранеев (бильярд), Қазақстанның ерлер командасы (жүзу), Сергей Пономарев (велотрек) және Ұлжан Дүйсенбаева (белдікпен күрес).

Соған қарамастан, Қазақстан құрамасы жарыстардың жетінші күнінде жалпы командалық бесінші орында тұр, қоржынында барлығы қырық алты медаль: он төрт алтын, он екі күміс, жирыма қола.

Қатысты Мақалалар