«Түркия аруы – 2017» әлеуметтік желідегі жазбасы үшін тәжінен айырылды

/uploads/thumbnail/20170923141134241_small.jpg

«Түркия аруы – 2017» сұлулық байқауының жеңімпазы Ытыр Эсен өткен жылдың шілдесінде елде болған төңкеріске байланысты Твиттер парақшасына жазба қалдырғаны үшін бірнеше сағатта тәжінен айырылды. Бұл туралы байқау ұйымдастыру комиетінің басшысы Джан Сандыкчиоглу хабарлады.

Түркия аруы өз жазбасында төңкеріске бір жыл толғанын, сондай-ақ өзінің қаны төңкерісте қаза болғандардың қанына қосылғанын жазды. Өз кезегінде байқау ұйымдастырушылары аталмыш жазбаны Түркияың атынан шығарып отырған аруға мүлдем жараспайтын әдепсіздік екенін айтты.

«Өкінішке орай жазбаны қалдырған Ытыр Эсеннің өзі. «Түркия аруы» байқауының ұйымдастыру комитеті Ытыр Эсен сынды аруды Түркияның бейнесі ретінде көрсете алмайды», - деді Сандыкчиоглу хабарламасында.

Қатысты Мақалалар