Халықаралық-құқықтық журналистика мәселелері – Отандық тәжірибелер негізі

/uploads/thumbnail/20170708160538897_small.jpg

Қазіргі таңда қазақ қоғамы  жаһандану деңгейіне өтіп,нық қадам басып келеді. Заманауи технологияның дамығаны сол, ақпараттық және коммуникативтік кезеңін бастан кешіріп, инновациялық технологиялар өз күшіне енуде. Соған орай ақпарат тарату түрлері, халықаралық стандарттар, құқықтық және этикалық нормалар журналистика саласында ерекше орын алатыны белгілі. 

Кез келген аймақ пен мекемедегі әрбір тілшінің осы «инновация», яғни «ақпарат әлемінде» өзіне қорғаныс қызметін қамтамасыз ету маңызды болса керек. Осыған байланысты желтоқсанның 2 жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетінде «Халықаралық-құқықтық журналистика мәселелері: Отандық және халықаралық тәжірибелер» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шара ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы Шарипа Нұржанованың басшылығымен ұйымдастырылған болатын.

DSC_1419

Дөңгелек үстелдің өткізілу мақсаты универсиада деңгейінде басқа ЖОО-мен тығыз қарым-қатынасты нығайтып, ауызбіршілік пен достық байланысын орнату болса керек. Соған орай, Халықаралық Бизнес Университеті, Тұран, Сүлейман Демирел атындағы университеті және Халықаралық Технологиялар университеті дөңгелек үстелдің қонағы ретінде шақырылған еді. Берілген тақырып негізінде: 1. Журналистердің ақпаратқа қолжетімділігі; 2. БАҚ-ң халықаралық байланысқа әсері; 3. Құқықтық журналистика мәселелері сияқты сауалдар қарастырылды. Осы орайда Сүлейман Демирел атындағы университет, журналистика факультетінің кафедра меңгерушісі Есенгүл Кәпқызы және құқықтық журналистика саласында қызмет етіп келе жатқан Серік Жұмабекұлы сарапшы ретінде дөңгелек үстелге қатысып, бар ойы мен тәжірибелерін ортаға салды. Студенттер атаулы шара барысында  ой бөлісті, сауал қойысты..Бір сөзбен, студенттер белсенділік танытты.

Соның нәтижесінде ең үздік және белсенді деген студенттердің қатысқанына марапат грамотасын табыстау рәсімі өткізілгенін де айта кеткен жөн. Марапат грамотасынан тыс риза болған оқытушылар қатысушыларға кітап сыйға тартты. Кездесуді қорытындылай келе қонақтар кофе-брейкке қарай өтіп, барлық университет студенттері бір-бірімен жақын таныса бастады. Жалпы, дөңгелек үстел өз дәрежесінде өтті деп сенеміз. Алдағы уақытта мұндай мақсаттағы шаралар көбейе берсе игі болғай.

Ақнұр Жоламанова

Қатысты Мақалалар