Қазақстандық азамат Бавариядағы босқындар үйінде бір ер адамды өлтірген

/uploads/thumbnail/20170925094722817_small.jpg

Бавариядағы босқындар жатақханасында қазақстандық ер адам 28 жастағы украиндық азаматты өлтірді деген күдікпен қолға түсті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Баварияның Эггеленфельд қаласында орналасқан босқындарға арналған жатақханада қанды қақтығыс орын алды.

Екі ер адам да бір бөлмеде тұратын. 23 қыркүйек күні таңғы уақытта екеуінің арасында түсініспеушілік туындап, нәтижесінде қазақстандық ер адам украин азаматына пышақ сұғып алған. Жапа шеккен 28 жастағы украин азаматы алған жарақатының салдарынан жатақханада көз жұмды.

Аталмыш оқиғаға байланысты істің анық-қанығы әлі белгісіз. 47 жастағы қазақстандық азамат тұтқындалып, сот алдында жауап беретін болады.

Қатысты Мақалалар