Головкин-Канело реваншы қай аренада өтеді?

/uploads/thumbnail/20170925102509890_small.jpg

Том Леффлер Америка Ұлттық футбол лигасының «Даллас Ковбойз» клубының аренасы AT&T Stadium Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің мамырда өтетін реваншын сәтті қабылдайтынын айтты, ― деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Daily Mail Леффлердің «Даллас тартымды нұсқа болуы мүмкін. «Уэмблиде» жұдырықтасқан Энтони Джошуа мен Владимира Кличконың 90 мың адам жинағанын көрдік. «Ковбойлар» стадионында 100 мың адамның көз алдында болатын айқас айтулы оқиға болар еді», ― деген сөзін жариялады.

Айта кетейік, Головкин мен Альварестің бірінші жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтіп, тең нәтижемен аяқталған болатын

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар