Алматы қаласы Дін істері Басқармасының «зерттеу және сараптама Орталығы» бірегей электронды ресурсты дайындау жұмыстарын аяқтады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ол келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
- қала тұрғындарын заңды түрде қызмет етіп жатқан діни ұйымдар, культтік ғимараттар және миссионерлер жайлы барынша хабардар етіп отырады. Ол өз кезегінде тіркелмеген діни ағымдар мен деструктивті культтерге тартылуын айтарлықтай азайтады;
- бақылау процесін едәуір тиімді етіп, жүргізіліп отырған жұмыстың жылдамдығы мен нәтижелілігін арттыруға көмегін тигізетін қала тұрғындарына да қатысуға мүмкіндік береді.
- жалғыз және өзекті дерекқор тәулігіне 24 сағат бойы мемлекеттік орган қызметкерлеріне қолжетімді бола алады, сонымен қатар өз араларында байланысты жеделдетіп, соның нәтижесінде дін саласындағы мүмкін болатын заң бұзушылыққа жылдам шара қолдануға мүмкіндік береді.
Пікір қалдыру