АҚШ президенті мен спортшылары арасындағы теке-тірес бітер емес

/uploads/thumbnail/20170926154641947_small.jpg

Бұл жолы АҚШ президенті әлеуметтік желілер мен түрлі БАҚ құралдарында америкалық спортшылармен жауласты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Дональд Трамп америкалық футбол құрамасын «мемлекеттік әнұранды құрметтемеді» деп айыптады.

Шындығына келгенде, өткен жылдың тамыз айынан бастап ойыншылар әнұранды отырып немесе тізерлеп отырып тыңдайтынды шығарған. Трамптың бұл әрекетке жасаған қарсылығына тек футболистер ғана емес, баскетбол ойыны жұлдыздары және «Окленд Атлетикс» бейсбол клубының  ойыншысы Брюс Максуэлл де қырсыға түсті.

Дегенмен, әнұранды құрметтеуге шақырған президенттің жағына шыққандар да болды. Ол «НАСКАР» сериясы жарыс көліктері бірллестігі болды. Президент олардың қолдауына мадақ айтты. Әйткенмен, керісінше өзіне өшігуші аяқ доп ойыншылары мен баскетбол ойыншылары санын арттыра түсті.

Жексенбі күні Трампқа қарсылықтарын білдіру үшін «Лос-Анджелес Спаркс» баскетбол командасында ойнайтын қыздар әнұран айтылған сәтте ойын алаңынан кетіп қалды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар