Ресей билігі Қырымдағы азаматтардың құқығын жаппай аяққа таптауда

/uploads/thumbnail/20170926154515110_small.jpg

Қырымда адам құқықтарын таптау айтарлықтай күшейген. Бұл туралы 25 қыркүйекте БҰҰ-ның жаңа баяндамасында айтылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы кездері Қырымда адамдардың жоғалуы, жазықсыз тұтқындаулар, азаптау және заңсыз жер аудару сынды әрекеттер жиілеген. Сарапшылардың пікірінше, ресейлік биліктің әрекетінен әсіресе қырым татарлары зардап шеккен.

Баяндамада көрсетілгендей, аннексияланған Қырымның 10 мыңдаған тұрғынына күштеп Ресей азаматтығын берді. Азаматтық алудан бас тартқандардың жағдайы мүшкіл болды. Мемлекеттік қызметкерлерін Ресей азаматтығын алудан бас тартқан жағдайда жұмыстан шығарамыз деп қорқытқан.

«Тұратын жері бола тұра, Ресей азаматтығы жоқ адамдар заң алдында тең емес және барлық құқықтарынан айырылады, - делінген баянадама мазмұнында, - Олар жерге иелік ете алмайды, дауыс беру және сайлауға түсу құқығынан айырылады, қандай да бір діни ұйымдарға тіркелуге, қоғамдық жиналыстарға қатысуға, мемлекеттік лауазымда болуға және жеке көлікті өз атына тіркеуге тыйым салынады».

Сонымен қоса, тұтқындалған немесе тергеу изоляторында отырған адамдар халықаралық құқық тәжірибесіне қарамастан Ресейге жіберілді. Кей тұтқындарға қатыгездік көрсетілді, кем дегенде үш адам қаза тапты, әрі оларға ешқандай медициналық көмек көрсетілмегені анықтадлы.

Аннексияға қарсы адамдардың еркін пікір білдіру, бейбіт отырыстар өткізу және қандай да бір дінді ұстану құқығынан айырылды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар