Заңды, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында Атырау облысының прокуроры Ернат Сыбанқұлов жолаушы құқықтарының жиі бұзылатындығы туралы сөз қозғады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Оның ішінде жеңілдік берілген тұлғалардан жол ақысын талап етіп, тіпті мектеп оқушысын автобустан шығарып жіберген жағдайлар болғаны айтылды.
Жилгородок мөлтек ауданында №6 автобус қызметкері мектеп оқушысынан (оның тегін жүруге жеңілдігі болғанына қарамастан) жол ақысын талап еткен. Осы жағдайдан кейін №6 автобус қызметкерімен компания арасындағы келісім шартты бұзу туралы шешім қабылданды.
Үйлестіру кеңесінің нәтижесінде, уәкілетті органдарға заңның бұзылуына жол берген жолаушылар тасымалын жүзеге асырушы мекемелерге қатаң жаза қолдану ұсынылды.
Барлық жолаушы тасымалын жүзеге асырушы мекемелерге көрсетілген заң бұзушылықтарға жол бермеу керек екені және оның салдары айтылды.
Пікір қалдыру