Елбасы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады

/uploads/thumbnail/20170927173520795_small.jpg

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына еліміздің Қарулы Күштерінің қазіргі жағдайы, сондай-ақ министрліктің жұмыс жоспарларының іске асырылу нәтижелері жөнінде мәлімделді.

Қорғаныс министрі Жоғарғы Бас қолбасшыға «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының қорытындылары туралы баяндап, оны өткізу барысында өңірлік қолбасшылықтың әскери барлау-басқару жүйесінің қолданылғаны жөнінде есеп берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді

Қатысты Мақалалар