28-30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

/uploads/thumbnail/20170927183439115_small.jpg

«Қазгидромет» 2017 жылдың 28-30 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы күндерде елдің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлері оңтсүтік циклондар аймағында орналасады және атмосфералық фронттарға байланысты бұл өңірлерде жаңбыр жауады.

Солтүстік, солтүстік-шығыс және республиканың орталық өңірлері Батыс Сібір ауданының арктикалық фронтымен араласады. Соның әсерінен алдағы екі күнде ызғар тұрып, қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде.

Аталмыш фронттың әсерінен Қазақстанның шығыс өңірінде де ылғалды қар жауады.

Елдің батыс аймағында антициклонның әсерінен жауын-шашын болмайды. Республика бойынша ауа температурасы климаттық нормадан 3-8 граудсқа төмен болмақ.

Қатысты Мақалалар