АҚШ әскери қызметі Пуерто-Рикодағы 4 дәрежелі Мария дауылынан зардап шеккендерге «Комфорт» атты медицина көмегін көрсететін кеме жіберді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Комфорт» - АҚШ теңіз флотына сәйкес, «реанимация және тұрақтандыруды қамтамасыз ету мен бастапқы жарақат және негізгі хирургия және операциядан кейінгі емдеуді қамтамасыз ете алатын теңіздегі емдеу кемесі».
Пуэрто-Рикандық шенеуніктер зақымданған ауруханаларды қалпына келтіруге назар аударғысы келген соң, кемеден қосымша медициналық көмек сұрады.
Кеме қазірде жолда, алайда төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің басшысы Брок Лонг оның 5-9 күнге дейін қызмет көрсете алмайтындығын айтты. Өйткені ем көрсете алатын кемеге әлі де қосымша жабдықтар мен жұмыс қолы керек, кеменің ішінде қазір 18 медицина қызметкері бар.
Кемеде жұмыс жасайтын қызметкерлер саны 60-тан 1200-ге дейін көбею мүмкін.
Кемені Пуерто-Рикоға жіберу жөніндегі мәселені Хилари Клинтон көтерген болатын.