Алматы қаласында медициналық туризм мектебі ашылды

/uploads/thumbnail/20170927191418163_small.jpg

«Алматыда Дүниежүзілік туризм күні аясында медициналық туризм мектебі ашылды»,-деп хабарлайды ҚазТАГ. Бұл Қазақстанның Туристік Қауымдастығының (ҚТҚ) ұсынысы болатын.  Медициналық туризм нарығындағы бәсекелестік ортаның өсуі қызметтерге бағаның төмендеуі мен сапа деңгейінің артуын мәжбүрлейді, ал нарықта осындай қызметті ұсынуға дайын жаңа елдер пайда болады. 


Қазақстан үшін медициналық туризмді белсенді дамыту клиникалардағы қызметтің сапаны арттыруға және шетелдік емделушілерді тартуға мүмкіндік береді. Осы мәселе байланысты семинарда Медициналық туризм агенттігі қауымдастығының сарапшыларымен талқыланды.


Медициналық туризмнің қызметіне үлкен сұраныс мұқият әдіс-тәсілді және мамандардың сертификатталуын талап етеді. Осы саланың дамуы сапалы ұсыныстарға байланысты. 
Осыған орай, бүгін AstanaLeisure2017 Қазақстанда медициналық туризм мектебінің ашылуын өткізді – бұл теңдесі жоқ жоба, оның басты мақсаты сапалы қызметті одан әрі дамыту үшін медициналық туризмнің секторында қатысатын жеке тұлғалар мен ұйымдар үшін стандарттарды орнату болып табылады.


Бұдан басқа, 29 қыркүйекке дейін жалғасатын көрмеде әуе компаниялар мен туристік агенттіктер келушілерге операциялық қызметінің нәтижелері туралы мәлімет береді. Мысалы, Астана Конвеншн Бюро көрмесінің серіктесі Astana Leisure 2017 іскерлік бағдарламасының аясында Астана қаласының туристік әлеуетін ұсынатын болады.


Осы жылы Египеттен келген компания тобының қатысатындығын атап өткен жөн. Сонымен қатар, Ресей өңірлері: Краснояр өлкесі, Челябі облысы, Татарстан Республикасы және Алтай-West шипажайы ауқымды туристік ұсыныстарымен келді.


Іскерлік бағдарламаның аясында AstanaLeisure 2017 қатысушылары мен келушілері жаңа бизнес байланыстарын реттеуге, халықаралық және қазақстандық туристік компаниялармен келісімшарттарды жасауға, сонымен қатар, туризм саласындағы инновациялармен бөлісуге мүмкіндік алады.


AstanaLeisure 2017 көрмесінің ұйымдастырушылары мен ресми қолдаушылары: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Дүниежүзілік туристік ұйымы (ЮНВТО), Астана қаласының әкімдігі және ITE Group (Ұлыбритания) пен Iteca (Қазақстан) көрме компаниялары.

Қатысты Мақалалар