Ресейде Сталиннің мүсінін орнатуға жаппай қарсылық танытты

/uploads/thumbnail/20170927191929742_small.jpg

Александр Покрышкин атындағы Новосибирск техникалық колледжінің басшылығы колледж аумағына Иосиф Сталиннің мүсінін орнатуға жаппай қарсылық танытты. Бұл туралы «Тайга.инфо» порталы хабарлады.

Колледж директоры Галина Талюкинаның айтуынша, Сталиннің есімі кеңес тарихының «қайғылы беттерімен» тікелей байланысты. Сондай-ақ Талюкина Александр Покрышкиннің Сталинмен ара-қатынасы дұрыс болмағанын да айтты.

Жергілікті агенттіктің мәліметіне сүйенсек, колледжге жақын орналасқан «Патриот» саябағына Сталиннің мүсінін орнатуды Нововсибирск әкімшілігінің өзі шешкен. Қала билігінің арызы бейсенбі күні қаралатын болады.

Бүгін «Яблоко» партиясының белсенділері Сталинді дәріптеуге қарсы заңды қабылдау үшін Мемлекеттік дума ғимаратының алдына жиналды. Олар сталинизмді қайта қалпына келтіру саяасатына жол бермейтіндерін мәлімдеді.

Өткен аптада Сталиннің мүсіні өзге де кеңес басшыларымен қатар «Билік аллеясында» орнатылған.    

Қатысты Мақалалар