Сауд Арабия мемлекетінің әйелдері осы аптаның сейсенбісінде көлік жүргізуге заңды түрде рұқсат алды,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл араб әйелдері үшін өте жағымды жаңалық, себебі оның алдында талай рет осы мәселе жөнінде дау шығып, бірер әйел тіпті қамауға алынған болатын.
Бұл туралы толық ұсыныстар 30 күн ішінде қабылданады, ал үкімет 2018 жылдың 24 маусымына дейін әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салуды алып тастады.
Түбегейлі өзгеріс алып келген бұл қадам Сауд Арабиясының экономикасын қалпына келтіруге бағытталған. Бұл ұсыныс жас ханзада Мохаммед бин Салманның қолдауын тапты.
Оның «Көзқарас-2030» реформасы бағдарламасының басты мақсаты келесі онжылдықта Патшалықтың энергияға тәуелділігін тоқтату. Бұл экономиканы едәуір әртараптандыруды, оның ішінде әйелдерді әлдеқайда үлкен рөл атқаруды талап етеді.
Жұмыс күшіне әйелдердің тек 22%-ы ғана тартылған. «Көзқарас -2030» бағдарламасының мақсаты бұл көрсеткішті 30% -ға көтеруге бағытталған. Ал әйелдердің жұмыссыздық деңгейі 33% -ға тең, орайынша бұл көрсеткіш ерлердікіне қарағанда әлдеқайда жоғары.
Қазіргі таңда Сауд Арабиясындағы жұмыссыздық 12,7%-ды құрайды.