26 қыркүйекте Нигерияның солтүстігіндегі Диква қаласында таңға жуық мешіт ішінде жарылыс болды. Теракт салдарынан кемінде 5 адам қаза тапты. 3 адам ауыр жарақат алған. Бұл туралы islam-today.ru порталы хабарлады.
Жергілікті полицей қызметінің дерегінше, жарылыстың артында 2015 жылы өздерін ДАИШ-тың африкалық бөлімшесіміз деп атаған «Бок харам» ұйымы тұр.
Бұған дәлел ретінде өз-өзін жарып жіберген террористің қаршадай бала екенін атады. Себебі аталмыш ұйым теракт ұйымдастыру үшін көбіне кішкентай балаларды пайдаланады.