Қазақстан жастарына ҮНДЕУ!

/uploads/thumbnail/20170708160624131_small.jpg

Бұл үндеу Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Астана қаласында  2014 жылғы 9 желтоқсанда өткен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы Жастар форумында    алғаш рет қабылданды.

 Қазақстан  – мықты мемлекет және ұйымшыл ұлт!

Біз – Астана жастары, өсіп-өркендеген және кемелденген елде  өмір сүргіміз келеді!

 Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі саясатын толық қолдай отырып, біз Қазақстанның бүкіл жастарына үндеу жариялаймыз!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің Халықаралық  күні:

         Біз:

– елдің және халықтың әл-ауқатын арттыруды;

– жоғары кәсібилік және  Отанға адал қызмет етуді;

– азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыруды;

– ашық әрі айқын бизнесті ҚОЛДАЙМЫЗ.

         Білім алу, жұмыс істеу, баспаналы болу мен лайықты өмір сүріп, қартаю құқығын жүзеге асыра отырып, біздер – жас қазақстандықтар, елдің табыстылығы мемлекеттің қалыптасқан жұмысы мен азаматтық қоғамның  белсенді қолдауына  байланысты екенін нақты түсінуіміз керек.

 Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!»  жаңа Жолдауында біздің республикамыздың Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Жастар – біздің қоғамның тірегі» деп тағы да атап өтті. Бізге үлкен сенім артылып және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес саясатына қатысуымызды күтеді.

         Біз сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік жағдайын туғызуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттауға, жеке құқықтық сауаттылықты арттырып, сыбайлас жемқорлық мінез-құлықтан адамгершілік тұрғыдан арылуға тиіспіз. Біздің басты қағидаттарымыз – адал еңбек пен оқу-білім,  заңдарды құрметтеу, әділ іс-қимылдар мен әрекеттер жасау болуы тиіс.

Біздің әрқайсысымыз  күнделікті өмірде  сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұра білуіміз керек!

Біз Қазақстанның жастарын:

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жалпы ұлттық  қозғалысының өзегі болуға;

– сыбайлас  жемқорлыққа қарсы халықаралық қозғалысты қолдауға;

– Қазақстанның мықты негіздерін нығайтуға бар күш-жігерін салуға шақырамыз!

 Біз – Астана жастары, айтарымыз, «Сыбайлас  жемқорлыққа Жол жоқ!».

Қатысты Мақалалар