Қазақстанда 863 дінтанушы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

/uploads/thumbnail/20170928130201108_small.jpg

Исламтанушылар мен теологтардан құралған республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық-түсіндіру топтары халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олардың құрамында жалпы саны 863 дінтанушы бар.

 Дін мәселелері бойынша елімізде 1 республикалық және 249 өңірлік ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыс істейді. Оған 3,5 мың адам мүше.  АТТ құрамында дін саласындағы кәсіби мамандар, дінтанушылар, теологтар, дәстүрлі дін өкілдерінен бөлек, жастар ұйымдарының, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, мәдениет және спорт саласының майталмандары, сондай-ақ халық қалаулылары мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері бар.    

АТТ-да республикалық және өңірлік деңгейде жұмыс істейтін адамдардың саны - 863. Олардың қатысуымен ағымдағы жылы 17 мың ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Тұтастай алғанда іс-шараларға 1 млн. 800 мың адам қатысқан.

Қатысты Мақалалар