Бүкіләлемдік экономикалық форум әлемнің бәсекеге қабілетті елдердің тізімін жариялады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Рейтингте Швейцария, АҚШ және Сингапур елдері көш бастап тұр.
Одан бөлек алғашқы ондыққа Нидерланд, Германия, Гонконг, Швеция, Ұлыбритания, Жапония және Финляндия елдері кірді. Қазақстан 137 мемелкеттің ішінен 57-орында көрінді. Грузия 8 пунктке төмендесе, Ресей 5 пунктке жоғарылап, 43 орынан 38-орынға көтерілді. Ал Қырғызстан 102-орынға көтерілген.
Қазақстанның рейтниг көрсеткішінің төмендеуі сыбайлас жемқорлықтың жоғарылауы мен қаржыландыру мүмкіндігінің төмен екендігімен түсіндірілді.