Мексикада жер сілкінісінен келген шығын мөлшері анықталды

/uploads/thumbnail/20170912082053262_small.jpg

Жуырда болған жер сілкінісі Мексикаға 2 миллиард долларға жуық шығын келтірді. Бұл туралы Мексика президенті Энрике Пенья Ньето мәлім етті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Алдын ала есеп бойынша қираған тұрғын үйлер мен ғимараттарды қалпына келтіруге 550 миллион доллар жұмсалады. Зілзала зардабын тартқан Чьяпас пен Оахака штатына 375 миллион доллар бөлінеді.

Айта кеткен жөн, таяуда Мексикада сегіз, жеті және алты балдық жойқын жер сілкіністері болды. Соңғы мәлімет бойынша құрбандар саны 400-ден асқан. Апаттан жүздеген адам түрлі жарақат алды. Марқұмдардың көбі ел астанасы Мехико тұрғыны болған. Табиғи апаттан мемлекеттің орталық және оңтүстік ауданы қатты зардап шекті.

Қатысты Мақалалар