АҚШ Сирия арқылы Ирак шекарасын бақылауда ұстап, оны тоқтатуға жол бермеуге тырысуда, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында Иранның СІМ басшысы Мохаммад Джавад Зариф мәлімдеді.
«Менің ойымша, бүгінгі таңда басымдылықтар өзгерген. Қазір АҚШ үшін ДАИШ террористерін жеңуге қарағанда Сирия үкіметіне Ирак шекарасын бақылауда ұстауды қалпына келтіруге рұқсат бермеуі маңыздырақ болып отыр», - дейді ол.
Министрдің айтуынша, Иран Сириядағы дағдарыс жағдайының бейбіт түрде шешілуін қалайды және де АҚШ-тың әр түрлі мақсаттары бар.
«Біз Сирияға біреуді қолдау үшін келген жоқпыз, біз мұнда лаңкестермен күресу үшін келдік», - дейді Зариф.
Айта кетер болсақ, Сириядағы қарулы қақтығыстар 2011 жылдың наурыз айынан бастап жалғасып келе жатыр. АҚШ бастаған коалиция Ирак пен Сирияда ДАИШ террористеріне қарсы іс-қимылдар жүргізуде. Сонымен қатар, коалиция Сирияда биліктің рұқсатынсыз жұмыс істеуде.