Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова «Туған жер» республикалық форумының құрметті қонағы ретінде Ақтөбе облысына келді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Сапар барысында Гүлшара Әбдіхалықова «Туған жер» республикалық форумының ресми ашылуына қатысты.
Мемлекеттік хатшы «Жұбановтар әуені» музей-үйін аралады. Жоба «Туған жерге тағзым» жобасы аясында жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ Гүлшара Әбдіхалықова «Батыс-2» шағын ауданындағы «Жекпе-жек» сарайының ашылуына қатысты. Нысан мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылды.
Жаңа нысанның салтанатты ашылуынан кейін жекпе-жек сарайында дзюдодан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың кубогына арналған халықаралық турнир басталды.
Мемлекеттік хатшы облысқа сапары барысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынған әлеуметтік нысандарды аралады.
Сонымен қатар Гүлшара Әбдіхалықова «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үй құрылысының жұмыстарымен танысты.
Одан кейін мемлекеттік хатшы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізінде ұйымдастырылған «Туған жер» республикалық жерлестер форумына қатысып, құттықтау сөз сөйледі.