Ресейде ер адам алтын сағат үшін әйелдің қолын шауып алған

/uploads/thumbnail/20170929112941839_small.jpg

Ресейдің Ивановск облысында телефонмен сөйлесіп тұрған әйел алтын сағаты мен сақиналары тағылған қолынан айырылған. Бұл туралы Лента.ру-ға сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Телефонмен сөйлесіп тұрған әйел қоршауға сүйеніп қолын қойып тұрған. Сол уақытта жақын маңда кетіп бара жатқан ер адам әйелдің қолындағы алтын заттарды көріп, оның қолын балтамен шауып алған. Содан кейін оқиға орнынан қаша жөнелген.

Қылмыскер ұсталған. Ол осыған дейін сотталмаған екі баланың әкесі, үш қабатты үйдің иесі болып шыққан. Сараптама нәтижелері оның есі дұрыс екенін дәлелдеген. Қылмыскерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қатысты Мақалалар