Студенттер суға батып бара жатқан досымен селфи жасады, ― деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Қайғылы оқиға Үндістанда студеттердің табиғат аясында демалу кезінде орын алған. Үндістандық студенттердің селфиге құмартқаны соншалық, артындағы досының суға батып бара жатқандығын да байқамапты.
Олар суға батқан жігіттің қастарында жоқ екенін біраз уақыт өткен соң, суреттерді қарап жатқанда ғана байқаған. Студенттер бірнеше сағат өткен соң жоғалған жігітті іздеген, алайда, оны өлі күйінде тапқан.