Путин Ердоғанға алғыс айтты

/uploads/thumbnail/20170929120233533_small.jpg

Ресей президенті Владимир Путин өзінің әріптесі, Түркия басшысы Тайып Ердоғанға іскерлік және сындарлы келіссөздер үшін алғыс айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Президент мырза, мен түрік әріптестерімізге іскерлік және сындарлы келіссөздер үшін алғысымды айтамын. Кездесу барысында ашық әңгіме мен пікірді еркін жеткізу үшін игілікті орта қалыптасыра білді. Бүгінгі кездесудің нәтижесі пайдалы әрі жемісті болады деп үміттенемін», - деді Путин қорытынды сөзінде.

Айта кетейік, Путин 28 қыркүйекте ресми сапармен Анкараға барған. Сапары барысында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмпен кездесіп, Сирия мәселері жайын талқылады.

Қатысты Мақалалар