Атырауда екі баланы бейтаныс әйел алып кеткен

/uploads/thumbnail/20170912085318482_small.jpg

Атырау облысының прокуроры Ернат Сыбанқұловтың хабарлауынша, шамамен сағат 20.30-да Мақатай ауданы ІІБ Мақат ауылынан 5 жастағы ұл мен 4 жасар қыз (олардың аналары әпкелі-сіңлілі) жоғалғаны туралы хабарлама түскен деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті полиция іздестіру жұмысын бастады. Кейінірек жақын маңдағы аудан полициялары, әкімшілік қызметкерлері және еріктілер іздестіру жұмыстарына қосылды.

Кешкі сағат 10.00-де К. есімді кәмелетке толмаған бала 5 жасар ұл мен 4 жасар қызды осы ауылдың «Телемұнара» аймағында көргені туралы хабар түсті.

Шамамен 22.00-де балалар бейтаныс әйелмен таксиге отырғанын көрген куәгерлер табылды. 

«Балалар таңғы 4-те тұрғылықты жерінен 150 шаршы шақырым қашықтықта орналасқан Жылыой ауданының Құлсары қаласында табылды» деді облыс прокуроры.

Оларды бейтаныс әйел алып кеткен. Балалардың денсаулығына зиян келмеген. Қылмыстық кодекстің 125 бабы (адам ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қатысты Мақалалар