Қазақстандық былғары қолғап шебері Иван Дычко кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz.
АҚШ-тың Даллас қаласында өткен жекпе-жекте жерлесіміз алғашқы раундта америкалық қарсыласы Эйбур Райтты техникалық нокаутпен жеңді. Бұл Вирджиниядан шыққан 34 жастағы боксшының спорттық мансабындағы екінші жеңілісі. Ол осыған дейін екі қарсыласынан басым түскен екен.