Түркияда жол апатына түскен 4 қазақстандық елге оралды (фото)

/uploads/thumbnail/20170930103650902_small.jpg

Түркияда демалуға барып жол апатына ұшыраған 4 қазақстандық азамат елге оралды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Олар Антальядан Ыстанбұл арқылы Turkish Airlines әуе компаниясы ұшағымен келді. Жолда оларға дәрігерлер көмек көрсетті.

5.25-те 4 қазақстандық әуежайға қонды. Сол жерден бірнеше жедел жәрдем көлігі оларды облыстық клиникалық ауруханаға алып кетті. Төртеуі де орнынан тұра алмайды.

Апатқа ұшырағандардың бірі Асыл Сағындықованың анасының айтуынша, жол бойы Қазақстанға жеткенше жастарға ауруды басатын дәрі салып келді.

«Біз анамыз. Біздің жүрегіміз ауырады. Бұл сұмдық жағдай. Тіпті айтарға сөзім жоқ. Сау балаларды жіберіп едік...Былай болғанына олар кінәлі емес. Мұндай жағдай басқа біреудің басынан өтпесін. Балалардың дені сау болсын. Ешкімнің мұндай сұмдықты бастан өткергенін қаламаймын. Түркияға бармас бұрын сақтандыру туралы ойлмаппыз» деді Сәуле Сағындықова.

Ол жарақат алған екі адамға қайта қалпына келу үшін аз дегенде екі жыл уақыт керек екенін де айтып өтті.

Қатысты Мақалалар