Трамп Ресейге қарсы санкцияларды қадағалауды Тиллерсонға тапсырды

/uploads/thumbnail/20170930113703409_small.jpg

Ресей, Иран және КХДР-ға қарсы санкцияларды ендігі кезекте мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсон қадағалайтын болады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости сайтына сілтеме жасап. Бұл шешімге қатысты меморандумға АҚШ президенті Дональд Трамп қол қойды.

Тиллерсон Барак Обама басшылығы кезінде Украинадағы жағдайға қатысты АҚШ тарапынан салынған Ресейге қарсы санкциялар мен заңды тұрғыда тыйым салынған істерге жауап беретін болады. Сонымен қатар, кибершабуыл жасағаны үшін Мәскеуге салынған санкциялардың заңды түрде орындалуын қадағалайды.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы «киберқауіпсіздікке зиян келтіретін» Ресей мүддесінде әрекет ететін тұлғаларға виза беру туралы шешім қабылдайды.

Айта кетер болсақ, АҚШ пен ЕО 2014 жылдан бастап Украинадағы жағдайларға байланысты Ресейге қарсы бірқатар санкциялар салған болатын. Мәскеу, өз кезегінде, Украинаның ішкі дауларына жақтас емес екендіктерін мәлімдеген және олармен санкциялар тілінде сөйлесуге қарсы болды.

2016 жылдың желтоқсан айында Вашингтон Ресейді АҚШ-тағы президент сайлауына араласты деп айыптаған болатын. Алайда, АҚШ-та өткен президент сайлауына ресейлік хакерлер шабуыл жасады деген айыпқа нақты дәлел айтпады. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеуге тағылған айыпты мүлде негізсіз деп атады.

Қатысты Мақалалар