КХДР СІМ Ли Ён Хо АҚШ-тың қорқытуларынан кейін Ким Чен Ын бұрын соңды болмаған шараларды қолдануы мүмкін екенін айтқан деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл мәлімдемені оңтүстік кореялық "Тона ильбо" газеті Солтүстік Кореяның жаңа сынақ өткізуінің белгісі деп топшылады.
КХДР Пхеньянда орналасқан әскери зауыттан бірнеше құрылық аралық баллистикалық зымыранды шығарды. Бұл зауытта бұрын санқтан өткен "Хвасон" секілді баллистикалық зымыран дайындалған.
Естеріңізге сала кетейік, Пхеньян соңғы рет баллистикалық зымыранды 15-ші қыркүйекте өткізді. Осыдан кейін Оңтүстік Корея билігі Ким Чен Ын келесі сынақты 10-шы немесе 18-ші қазанда өткізуі мүмкін екенін айтты.