Америкалық құқыққорғаушылар Трампты сотқа бермек

/uploads/thumbnail/20170925102225065_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамптың жаңа бұйрығы құқыққорғаушылардың наразылығын тудырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

Америкалық ұйым АҚШ әкімшілігін сотқа бермек. Бұл туралы ACLU басшысы Энтони Ромеро хабарлады.

Ұйым Трамптың иммиграцияға байланысты бұйрығына қарсы. Ромероның ойынша, кейбір елдерге АҚШ-қа кіруге тыйым салу белгілі бір ұлттың құқығын шектеу. Ал мұның заңсыз екенін және Трамппен сотта кездесетінін айтты.

Естеріңізге салайық, Иран, Йемен, Ливия, Сомали, Сирия, Венесуэла, Чад және КХДР-ға АҚШ-қа кіруге тыйым салынған.

Қатысты Мақалалар