Мексикада болған жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 360-қа жетті, ― деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Бұл мәліметті елдің Қорғаныс министрі Луис Фелипе Пуэнте өзінің Twitter парақшасына жазған.

Кейбір деректерге сүйенсек, Мексиканың астанасында 219 адам қайтыс болған. Алайда бұл дерек әлі нақты емес.
Еске сала кететін болсақ, 19 қыркүйек күні Мексикада 7 баллдық жер сілкінісі болған еді. Мемлекет билігі табиғи апаттың шығыны $2 млрд екендігін анықтады.