Каталония халқы Испания тыйым салған тәуелсіздік үшін дауыс беруге жиналды

/uploads/thumbnail/20171001111437307_small.jpg

Каталония тұрғындары Испан үкіметі тыйым салған тәуелсіздік референдумын жүзеге асыру үшін сайлау учаскелерінің алдында жиналды,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Аймақтық өкілдер сайлау бюллетеньдерінің дайын екендігін және нәтиженің үлкен өзгеріс алып келетіндігін айтты.

Мадрид үкіметі дауыс беруді тоқтатуға уәде берді және ондаған полиция көліктері Барселона қалалық портында өз базасын орналастырды.

Түнде мыңдаған тәуелсіздік үшін күресушілер дауыс беру орталықтары ретінде қолданылатын мектептерге жиналды. Полиция оларды шығарып тастайтындықтарын айтты.

Референдумды ұйымдастырушылар халыққа сайлау учаскелеріне сағат таңғы 05:00-те жиналуды сұрап, дауыс беруді сағат 09:00-де бастайтындықтарын айтқан. Олар кез келген полиция әрекеттерінің бейбіт түрде болуын өтінді.

«Мені өз елім қажет ететіндіктен, ерте тұрдым. Біз не болатынын білмейміз, бірақ біз мұнда болуымыз керек», - дейді 65 жастағы Эулалия Эспале И Тарро. Ол Барселонадағы сайлау болатын мектептің сыртында күтіп тұрды.

Жексенбі «демократия үшін аса маңызды күн», деді аймақтық вице-президент, Ориол Джункуэрас. «Біз көптеген кедергілерді жеңіп шықтық, бұдан артық бізді ештеңе де асқақтата алмайды», - деді ол. «Егер өз құқығымызды қорғамасақ, онда кім біз үшін қорғамақ?»

Бюллетеньдерде тек бір сұрақ және екі ғана жауап бар: «Каталонияның республика түрінде тәуелсіз мемлекет болғанын қалайсыз ба?» - «Иә» немесе «Жоқ».

Референдум Испанияның конституциялық сотында заңсыз деп жарияланды және мыңдаған қосымша полиция Каталонияға жіберілді. Ал қосымша офицерлер Барселона портында екі кемеде күтіп отыр.

Дауыс беру қарсаңында испан бірлігін үгіттеген мыңдаған адам Испанияның барлық қалаларында, соның ішінде Каталония астанасы Барселонада да шерулер өткізді.

Олар испан туын және «Каталония ол - Испания» деген жазуы бар баннерлерді қолға алып шықты.

Мадрид үкіметі Каталонияда орталық, бақылаушы полиция қызметімен байланысып, тыйым салуға көмектесу үшін Моссос д'Эквадрра аймақтық күшін шақырды. Сондай-ақ, Полиция аймақтық үкімет телекоммуникациялық орталығына да шоғырланды.

Каталон полициясының басшысы офицерлерді күш қолданудан аулақ болуға шақырды.

Каталония - бұл солтүстік-шығыс Испанияда орналасқан 7,5 млн. халқы бар өз тілі мен мәдениеті  бар аймақ.

Қатысты Мақалалар