2018 жылы Теміртау-Қарағанды тас жолының жөндеу жұмыстары аяқталады

/uploads/thumbnail/20171001104551899_small.jpg

Теміртау мен Қарағанды қалаларының арасындағы автожол учаскесі толығымен 2018 жылы аяқталатын болады. Бүгінгі күні ол жерде Оңтүстік Кореяның мердігер компаниясы жұмыс істеуде, ― деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

Аймақ басшысының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жалпы облыс бойынша республикалық маңыздағы 477 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізінің учаскелерін қайта жөндеу «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. «Бүгінгі күні «Анар-Теміртау» жолының 74 шақырымы толығымен жөнделді. Қазір «Батпақ-Баймырза» учаскесінің жаңадан төселген 34 шақырымын қолданысқа беру жоспарлануда.

Бұдан бөлек, 15 шақырымдық «Теміртау-Қарағанды» учаскесін қайта жөндеу жалғасуда», ― деп атап өтті «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Қарағанды облыстық филиалының директоры Қанат Шаймин.

Қанат Шаймин хабарлағандай, биыл сондай-ақ «Жезқазған - Қарағанды» тас жолының көптен күтілген жөндеу жұмыстарына қаржы табылған. «Жезқазған - Қызылорда» күре жолында өткен жылы басталған жөндеу жұмыстары жалғасуда. Ал «Ақтау-Бастау-Теміртау» трассасында күрделі жөндеу ағымдағы жылдың қарашасында аяқталады деп күтілуде.

Қатысты Мақалалар