«Passenger Drone» компаниясы Еуропада алғашқы жолаушылар дронына сынақ жасады,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Дронды жолаушының өзі басқара алады, оған баратын жердің адресін енгізсе болды, ол тап сол жерге автоматты түрде ұшып барады. Бұл транспорттың су жаңа түрі жолаушыларды кептелістерде тұрмауға және ешқандай шусыз тез арада тасымалдауға негізделген. Дронға екі жолушы сыйяды және кейде қолмен басқаруға болады.
«Passenger Drone», «Ehang 184» және «Volocopter» компаниялары Дубай нарығы үшін таласуда, өйткені бұл мемлекет алғашқылардың бірі болып «ұшатын таксиді» нағыз қала жағдайында тексеріп көруге келісімін берген.
«Мұндай әуе көлігімен ұшу уақыты 30-35 минутты құрайды және сағатына 50 шақырым жылдамдықпен қозғалады»,- деді «Passenger Drone» компаниясының өкілі Питер Делко.
Оған қоса, Делко мырза компания шығарған әуе көлігінің ресми көрсетілімі келесі жылдың қаңтар айындағы қолданушыларға арналған электроникалық шоуда (CES) және Еуропа мен АҚШ-та өтетін басқа да шараларда болатындығын айтты.