«Оспрейз» регби командасының ойыншысы Скотт Болдуинді Оңтүстік Африкадағы Блумфонтейнде орналасқан зообақты аралау барысында арыстан шабуыл жасады,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ойыншы арыстанды сипамақ болған сәтінде арыстан оның қолын тістеп алған. Бұл оқиғадан кейін дәрігерлер Болдуиннің қолын бірнеше мәрте тіккен. Онымен ғана қоймай, жарақаттанған регби ойыншысы Оңтүстік Африканың «Читахс» командасымен жоспарланған достық кездесуге де қатыса алмады. Болдуин өзінің Твиттерінде бұл ойланбай істеген әрекеті үшін кешірім сұрады.
«Оспрейздің» бас жаттықтырушысы Уэльс Стивет Тенди болса: «Болдуиннің әрекеті нағыз ақымақтық. Болған оқиғаның алдында ойыншыларға сақ болу еркертілген, ал арыстанның ешқандай қатысы жоқ»,-деп сөзін аяқтады ол.