Қостанайда АИ-92 жанармай бағасы 155 теңгеге жоғарылаған,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті көлік жүргізушілерінің айтуынша, автокөліктерге жанармай құю станциясының екеуінде баға бұрынғыдан өскен. Жанармай құю станцияларында жұмыс жасайтындардың айтуынша, бұл өзгеріс 29 қыркүйектен 1 қазанға қараған түні орын алған.