Қазақстан әлем біріншілігінен Ауыр атлетика бойынша ресми түрде шеттетілді

/uploads/thumbnail/20171001083434254_small.jpg

Қазақстан АҚШ-тың Анахайм қаласында өтетін әлем біріншілігінен ауыр атлетика бойынша ресми түрде шеттетілді,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанмен қоса бір жылға тағы Ресей, Қытай, Беларусия, Әзірбайжан, Түркия, Армения, Украина және Молдава ауыр атлетика ойыншылары аластатылды.

Мұндай жаза екінші рет сынама жасалған 2008-2012 жылдардағы аталмыш мемлекеттер ойыншыларының бойынан табылған допингтің салдарынан болып отыр.

Әлем біріншілігі Анахаймда 2017 жылдың 28 қарашасы мен 5 желтоқсан аралығында өтетін болады.

Қатысты Мақалалар