Головкин өзін жеңген боксшыға 25 000 еуро сыйлады

/uploads/thumbnail/20171002081127870_small.jpg

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Германияның Гифхорн қаласында неміс боксшысы Эдуард Гуткнехтке қолдау білдіруге арналған қайырымдылық кешіне қатысты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sports.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Эдуард Гуткнехт  бас-ми жарақатының ауыр зардабын тартып келеді. Бұл туралы Waz-online.de хабарлауда. Қайырымдылық кеште түскен 50 000  еуроның 25 мыңын Головкин сыйлаған. Жиналған қаржы Эдуардтың отбасына тапсырылады.

Гуткнехт боксшы Джордж Гроувзбен өткен 12 раундтық жекпе-жекте қатты соққы алған болатын. Айқас аяқталған бойда спортшы киіну бөлмесінен бірден ауруханаға жеткізіліп, оның миына операция жасалды.

Еске салайық, Эдуард Гуткнехт әуесқой бокста Геннадий Головкинді жеңген болатын.



Қатысты Мақалалар