Алматы облысындағы тұрғын үйде болған өрт толығымен сөндірілді

/uploads/thumbnail/20171001162816714_small.jpg

Алматы облысындағы тұрғын үйде болған өрт 13.30-да толығымен сөндірілді, ― деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 

ХАА ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтуы бойынша,  өрттің себептерін өрт сынақ зертханасының мамандары анықтайды.

Айта кететін болсақ, бүгін таңғы 8-де облыс орталығынан 120 шақырым жердегі Жансүгіров ауылында тұрғын үй өртенген. Өрт сөндірушілер келген тұста үйдің шатырындағы өрт екінші қабатқа өткен. 32 адам қауіпсіз жерге көшіріліпті. Кей деректерге сүйенсек, тілсіз жау шатырдың 440 шаршы метр аумағын, пәтерлердің 347 шаршы метр аумағын шарпыған.

Қатысты Мақалалар