Италия билігі ҚХДР елшісін елден қуып жібермек

/uploads/thumbnail/20171001151653973_small.jpg

Италия Римдегі КХДР елшісін елден шығарып жіберуді жоспарлап отыр. Бұл жайлы жексенбі күні La Repubblica газетіне сұхбат берген Италия сыртқы істер министрі  Анджелино Альфано айтты, ― деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілеме жасай отырып.

«Біз негізі қиын шешім қабылдадық, яғни КХДР елшісінің аккредитациясын тоқтатын болдық. Елші Италиядан шығып кетуі керек», ― деді министр. Соңғы айларда Корей түбегіндегі саяси ахуал, әсіресе ресми Пхеньян шілде айында екі баллистикалық зымыранын сынақтан өткізгеннен кейін күрт ушықты. Ол зымырандарды КХДР да, АҚШ та құрлықаралық зымырандар санатына жатқызады.

Бұған жауап ретінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі КХДР-ға қатысты халықаралық санкцияларды тіптен қатаңдату туралы қарар қабылдады. Бұдан тыс, Пхеньян Тынық мұхитта ядролық сынақтарды өткізуге дайын екенін мәлімдеді, ал АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР-ды жер бетінен жойып жіберемін деп қаһарланған болатын.

Қатысты Мақалалар