Бразилия көшелерінің бірінде табылған «тірі зомби» жұртты шошытты (видео)

/uploads/thumbnail/20171002143100947_small.png

Бразилия көшелерінің бірінен «тірі зомби қыз» табылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Қыздың іс-әрекеті қорқынышты фильмдерде көрсетілетін кейіпкерлер тәрізді болды. Белгісіз «зомби» Бразилия көшелерінде жергілікті тұрғындардың бірі өзінің жұмысқа арналған автокөлігінен тауып алған. Автокөліктің артқы жағына шығып алған «зомби қызды» көрген жүргізуші қатты шошынып қалған, ол дереу полиция қызметкерлеріне хабарлап, оларды оқиға орнына шақыртқан. Аталмыш жайттың куәгерлері болған адамдар қыздың іс-әрекетіне таңдана қарап, оны суретке, видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде таратқан.

Әлеуметтік желі қолданушылары «тірі зомбиге қатысты» есірткі қабылдап алған деген пікір білдірген, алайда оны қамауға алған тәртіп сақшылары әзірге ешбір мәлімет берген жоқ.

Қатысты Мақалалар