Карл Крели мен Бобо Менде Герменияның Шоенберг аймағында 38 жыл бірге тұрғаннан кейін ғана неке қиюға мүмкіндік алды,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Германия мемлекетінде алғаш рет бір жынысты азаматтардың некесін қиюға рұқсат беретін заң қабылданып, ендігі уақытта гейлер мен лесбианбар некесі дағдылы еркек пен әйелдің некесі ретінде тең дәрежеде танылып отыр.
Бұдан үш ай бұрын Берлинде және Хамбургте аталмыш мәселе талқыланып, Парламентке дауыс беруге ұсыныс тасталған болатын.
Берлиндегі Шоенберг аймағының неке тіркеушісі Гордан Холланд: «Біз бүгінгі күні бір жыныстылардың некесіне мүмкіндік беретін символикалық бастамаға жол бердік»,- деді. Оның айтуынша, бір жыныстық неке ең алдымен Шоенбергте болған, себебі, бұл аймақ бұрыннан бері гейлер мен лесбиандардың тұрақтайтын жеріне айналған.
60-қа жуық қонақтар мен журналистер Шоенбергтегі неке сарайы «Golden Room» орталығына жиналып, Карл Крели мен оның жары Бодо Менденің тойына жиналды.
59 жастағы Крели мырза өзінің қосағы 60 жастағы Менде мырзамен Германияда алғашқы некеге тұрғанына» мақтан тұтатынын» айтты. Өйткені олар қаншама жылдар бойы гейлер құқығы үшін күресіп келген.
Тойға арналған кемпірқосақ бейнеленген тортты кесе отырып: «Неке барлық адамға бірдей!» деп ұрандатқан жұбайлар аптаның соңында Венаға 5 күндік бал айына барады.