Мәскеу түбінде теракт жасамақ болған жауынгерлер ұсталды

/uploads/thumbnail/20171002161000069_small.jpg

Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі 2017 жылы Мәскеуде азаматтар жиі топталатын орындарда теракт ұйымдастыруды жоспарлаған ДАИШ жауынгерлерін ұстады,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

30 қыркүйекте Мәскеу аймағында Федералды қауіпсіздік қызметінің тексерулері нәтижесінде Ресейдің солтүстік Кавказ аймағынынан келген азаматтар ұйымдастырған заңға қайшы келетін ДАИШ жасырын тобы ұсталған.

Қазіргі кезде лаңкестік жасамақ болған топ ұсталып, қамауға алынды. Олар тұрған мекен жайдан қолдан жасалған атылуға дайын екі жарылыс құралы табылған. Оған қоса, ПМ-9мм  маркалы екі тапанша, екі РГД-5 гранатасы, байланыс құралдары мен жарылыс жасау қаруларын дайындауға керек заттар табылған. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі талқыланып жатыр және тексеріс мақсатында ұсталғандар жайында жеке мәліметтер жасырын ұсталуда.

«ДАИШ– ол көптеген мемлекеттерде әрекет етуге тыйым салынған террористік топ».

Қатысты Мақалалар