Өткен аптада ШҚО-дағы Белоусовка ауылының тұрғыны өзіне қол жұмсамақ болған. Қазір ҚР ҚК 105 бабы бойынша (суицидке дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі caravan.kz-ке сілтеме жасап.
2017 жылы өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу бабы бойынша 779 қылмыстық іс тіркелді. Бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда көп. Өткен жылы аталмыш бап бойынша 589 іс тіркелген.
2008 жылы өскемендік ІІБ-нің үш полицейі фирмадағы ұрлыққа байланысты күдіктіге заңсыз әрекет қолданғаны үшін жазаланды. Соның нәтижесінде, күдіктілер өзіне қол жұмсады. Куәгерлердің айтуынша, Ринат Сәрсеков пен Берік Сабиевті ұрып-соққан. Қолдарын кісендеп, бастарына пакет киігзген. Сотта полицейлер өз кінәсін мойындамады.
Екі полицей 3 жылға бас бостандығынан айырылды, үшіншісі 2 жылға сотталды.
8-ші қабаттан секірмек болған қыз
2009 жылы қазанның ортасында мемлекеттік агенттік қызметкері қол астындағы жұмысшысын өзіне қол жұмсауға дейін жеткізгені үшін жұмыстан шығарылды. Қызметкер 8-ші қабаттан секірмек болған.
Болған оқиғаға қатысты комиссия құрылды. Шенеунікті қызметінен босату туралы шешім шығарылды.
Көп балалы ананың өзін өртеуі
2010 жылы сот орындаушылар көп балалы ана Светлана Тұрғамбаеваның отбасын үйден шығармақ болғанда ол өзіне жанармайды құйып, өртеп жіберді.
Светлана Тұрғамбаева сатып алған үй бастапқы кезде бір мұрагерге тиесілі болған. Одан кейін сот шешімді өзгертті. Бұл уақытта үй сатылып кеткен.
Осы іске қатысты тексеру әлі жүріп жатыр.
Жігіт Атырау орталығында бағанға асылып көз жұмды
Атырауда 2015 жылы жазда екі полицей 23 жастағы жігітті ұрып, қорлап, әріптестік орнатуға мәжбүрлеген.
Марков пен оның үш танысы және екі қыз есірткі пайдаланды деген күдікпен ұсталды.
Ұсталған қыздардың бірі Атырау облысы мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы агенттікке полицейлердің 300 мың теңге талап еткенін айтып, шағым түсірген. Келесі күні жастарды қайта ұстады. Ал 2015 жыл 3-ші тамызда Антон Марковтың денесі бағаннан асылып тұрған жерінен табылған.
Екі полицейге «Суицидке дейін жеткізу» және «Өз қызметін асыра пайдалану» бойынша іс қозғалды. Сот бұрынғы полицейлерді кінәлі деп тапты. Дошанов 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Дүйсенов 5 жылға сотталды. Олар өмір бойы полицияда жұмыс істей алмайды.