Сочиде ТМД елдері басшыларының кездесуі өтеді

/uploads/thumbnail/20171002165658352_small.jpg

2017 жылғы 11 қазанда Сочи қаласында ТМД елдері басшыларының кезекті отырысы өтеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

ТМД атқару комитетінің мәліметіне сүйенсек, отырыс барысында ТМД елдері қызметінің экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық салаларының алдағы уақыттағы даму бағыттарын көздейтін мәселелер талқыланбақ.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы аясында ынтымақтастық жайлы пікір алмасып, ТМД төрағалығы және ұйымға мүше елдері басшылары кеңесінің келесі отырысының мерзімі мен өткізілетін жері анықталмақ.

Отырыста экономика және мәдени-гуманитарлық бағыттардың алдағы дамуы, қорғаныс саясаты, сыртқы шекара қорғанысы, лаңкестікке қарсы іс-қимыл сынды маңызды мәселелер, сондай-ақ, Достастықтың жаңа жағдайларға бейімделуі сынды бірқатар  жобалар да талқыланады деп жоспарлануда. 

Қатысты Мақалалар