Ер адам 120 келі тартатын зілтемірдің астында қалды (видео)

/uploads/thumbnail/20171002171116240_small.jpg

28 жастағы ер адам жаттықтырушыны шақырмай, өз бетінше жаттығу жасамақ болған. Нәтижесінде, бір өлімнен аман қалды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Квинслендегі бейнебақылау камераларына 28 жастағы Джейсон Лейтті 120 келілік зілтемірдің қалай басып қалғандығы түсіп қалған. Ол 120 келі тартатын зілтемірді жаттықтырушының көмегінсіз өз бетінше көтермек болған. Зілтемір спортшының үстіне құлап, Джейсон Лейттің мойынын сындыра жаздаған. 17 секунд бойы зардап шегуші өзі арпалысып құтқарылмақ болған, кейіннен оған басқа адамдар көмекке келіп, зілтемірді алып тастаған.

Спортшы дереу ауруханаға жеткізіліп, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жаттығу залының басшысы Генезис Морейфилдің айтуынша, мұндай оқыс оқиғалар көптеп орын алады екен.

Қатысты Мақалалар